15 қараша 2019 11:25 admin

Жылдағыдай үрдіс бойынша «Күз ханшайымы және күз ханзадасы - 2019» байқауы

2019  жылдың 08  қарашасында  колледжде  жылдағыдай үрдіс бойынша «Күз ханшайымы және күз ханзадасы - 2019» байқауы өткізілді. І курстықтар арасында өткізілген бұл байқауға 8 топтан 6 жұп бақ сынасты. 

Байқау шарты:

1. «Әдептілік белгісі - сәлемдесу» айдарымен  таныстыру

2. «Өнерлі өрге жүзер» айдарымен өнер көрсету

3. «Біз мықтымыз!» айдарымен  әншілерге, әртістерге, әзілкештерге пародия салу;

4.  «Біз патриот  жастармыз!» айдарымен  сән үлгісі

5. Күз  вальсі

 

Нәтижесінде, бас жүлдені ЭВТ-1, ДО-19 тобының студентттері  Абдрахманов Қаңғабай  мен ДО-19  тобының студенті Сауытова Майра жеңіп алды. Сонымен қатар, 1,2,3 орын, 1 номинация, 1 ынталандыру басқа жұптардың қанжығасына байланды. Колледж директоры Каламкалиева А. М.  барлық қатысқан топтарды грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.