15 қараша 2019 11:11 admin

Абай- дана, Абай- дара қазақта

12.10.2019 ж. колледждің ғылыми қоғамының жетекшісі Ж.У.Дюйсенбаева НОО-17с/о тобы студенттерімен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыбында   библиосейшнге қатысты. Библиосейшн студенттердің Абайдың шығармалары бойынша дайындаған буктрейлерін көрсетумен басталды.  Студенттер Ахмет С., Данатарова А. Абайдың қара сөздерін тақырыпқа бөліп, интерактивтік тақтамен мысалдар келтіре отырып, талдау жұмыстарына жол ашып берді.

Абайдың 31-ші қарасөзін жатқа мәнерлеп оқып, талдаған студенттер: Тәжібаева Г., Қылышбай С., Берікбаева Қ., Бекібаева М., Көздібаева Ж. тыңдаушылар ризалық сезімін білдірді.

Ал 29-шы қарасөзін оқып талдағандар: Берікбай Қ., Көздібаева Ж. өмірден мысалдар келтіре отырып, ақын өлеңдері өмірінің ұзақ екендігін дәлелдей алды. «Жалғастыр», «Ойыңды айт», «Өмірмен байланыстыр», «Жеке жұмыс» түрлеріне әдістер көрсетілді.   Тәжібаева Г. 5-ші қара сөзді оқып, өзінің сабақ өту әдістерінен  тәжірибесін таныстырды.

НОО-17 с/о тобы студенттері болашақ бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, кітапханашы мамандығымен тығыз байланысты. Ж.У.Дюсенбаева «Балаларға кітап оқыту тәсілдері» атты шеберлік сынып сабағын өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер іске асырылды. Шығарманы қайталап оқу, таңдап үзінді оқу, шығарма мазмұнына сай ойыншықтарды қолдану, суреттерді пайдаланды. Студенттер А.Авдеш, Ж. Серікбай «Кітапты оқушыға қалай оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында «Төрт-түлік» айдарымен 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісімен таныстырды. Оқушыларды қызықтыру үшін, ойын әдістері ұсынылды.