13 қараша 2019 17:38 admin

«Ғылыми жобаға қойылатын талаптар»

11.11.2019 күні «Ғылыми жобаға қойылатын талаптар» тақырыбында ғылыми қоғамның жоспарына сәйкес отырыс өткізілді. Отырыста колледж оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Ж.Дүйсенбаева ғылыми жоба, оған қойылатын талаптарды бөлімдері бойынша түсіндіріп өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламасында зерттеу жұмыстары балабақшадан басталатыны ескеріліп, 1-7 сынып аралығындағы оқушылар үшін талаптың орындалуы міндетті емес екендігін қаперге берді.  Ғылыми жұмыстың құрылымы түсінікті болу үшін Ж.Дюсенбаева өзінің зерттеу жобасын көрсетті. Отырыс соңы пікір алмасумен аяқталды.