13 қараша 2019 17:37 admin

Абай- дана, Абай- дара қазақта

12 қараша күні Дүйсенбаева Жанбибі ұстазымызбен «Өрлеу» институтына барған болатынбыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өлкемізге келген сапарында келесі жылы Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын өткізуге дайындықтар жасалып жатқанын қаперге берген. Сол мақсатпен дайындықты осы тұлғаларға арнадық.

Болашақ колледжінің -3 курс студенттері: НОО-17с/о тобы 12.11. 2019 жылы «Өрлеу» БАҚ мұғалімдерімен Ұлы Абайдың 175 жылдығы дайындығына арналған Библиосейшнді кіріктіре өткіздік. Тақырыбы: «Абай дана, Абай дара қазақта».  Кіріккен сабақ түрінде өтілген сабақты Ахмет Сымбат, Данатарова Айнұр Абайдың қара сөздерін тақырыпқа бөліп, интерактивтік тақтамен мысалдар келтіре отырып, талдау жұмыстарына жол ашып берді.

Абайдың 31-ші қарасөзін жатқа мәнерлеп оқып, талдаған студенттер: Тәжібаева Гулжамал, Қылышбай Сәуле, Берікбаева Қамажай, Бекібаева Мейрамгүл, Көздібаева Жолжанға тыңдаушылар ризалық сезімін білдірді.

Ал 29-шы қарасөзін оқып талдағандар: Берікбай Қамажай, Көздібаева Жолжан өмірден мысалдар келтіре отырып, ақын өлеңдері өмірінің ұзақ екендігін дәлелдей алды. «Жалғастыр», «Ойыңды айт», «Өмірмен байланыстыр», «Жеке жұмыс»түрлеріне әдістер көрсетілді.  

Тәжібаева Гулжамал 5-ші қара сөзді оқып, өзінің сабақ өту әдістерінен  тәжірибесін таныстырды.

   Болашақ бастауыш мұғалімі болғандықтан, кітапханашы мамандығымен байланысымыз бар. Оқушының «фундаментін» құрайтын біз! Сол үшін де кітап оқуды насихаттаумыз керек! Біздердің болашаққа деген мақсатымыз өте көп. Солардың бірі «Асыл қазына-кітап!» Кітапты көп оқып, оқушыларымызға оқыту - негізгі мақсатымыз. Оқушының тіл сауаттылығы, сөздік қоры кітап арқылы да қалыптасады. Мұғалім болған кезімізде арнайы кітап оқу жүйесін де құрғымыз келеді. Әрине, бұның бәрі болашақ ұрпақ үшін!

Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер іске асырылды. Шығарманы қайталап оқу, таңдап үзінді оқу, шығарма мазмұныа сай ойыншықтарды қолдану, суреттерді пайдаланды. Авдеш Айдана, Серікбай Жанара «Кітапты оқушыға қалай оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында «Төрт-түлік» айдарымен 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісімен таныстырды. Оқушыларды қызықтыру үшін, ойын әдістері ұсынылды.

Библиосейшннен «Библиобешбармақ» әдіс – тәсілдерімен ойындар жүргізілді. Біз бұл ойынды баланы сабаққа қызықтырудың жақсы бір әдісі деп таныдық. Ойында: «Конфетке тапсырма жазылады, сол конфетке қызыққан оқушы тапсырманы орындауға асығады». Сұрақтарға ұтымды жауап берген студентер: Оразғалиева Жаңылсын, Тәжібаева Гүлжамал, Нурдовлетова Махабат, Көздібаева Жолжан, Бекібаева Мейрамгүл, Қылышбай Сәуле. Кіріккен сабақтан алған әсер, танымымыз мол. 

Серікбай Жанара,   Тәжібаева Гүлжамал, 3 курс студенттері: НОО-17с/о тобы