11 қараша 2019 17:35 admin

Ғылыми-экскурсиялық сабақ

27.10.2019ж. Колледждің ғылыми қоғамының мүшелері  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ақбұлақ», «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламалары  бойынша кіріккен ғылыми-экскурсиялық сабақ ұйымдастырды. Сабақ Ақтау-Ақшұқыр-Қошқар ата-Машырық қажы бақшасы және құдығы, мектебі, медресе, Еспенбет әулие маршруты бойынша жүргізілді. Сабақтың мақсаты: өлкенің   тарихи  құндылықтарымен   таныстыру, жастарды  отансүйгіштікке   тәрбиелеу. Сабақ барысында ғылыми қоғам жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.У.Дюсенбаева 3 курс студенттеріне ғылыми жобаның құрылысымен таныстырып, тапсырмалар беріп, жеке-жеке жауаптарын сараптады.