06 қараша 2019 16:21 admin

Интербелсенді сабақтар

Озат тәжірибелі мектебінің жоспарына сәйкес қазан айында колледжде оқытушылармен өзара тәжірибе алмасу мақсатында интербелсенді сабақтар өткізілді: 09.10.2019ж. күні «Денсаулықты сақтау мен   нығайтудың негізгі әдістері» тақырыбында биология пәні оқытушысы А.Ұ.Оспанова мен дене шынықтыру пәні оқытушысы Н.Т.Айтжанов, 10.10.2019 күні «Химия әлемінде/ The world of chemistry» тақырыбында химия пәні оқытушысы Төлеу М.Ж. мен шетел тілі пәні оқытушысы Г.К.Керимова. Сабақ барысында оқытушылар миға шабуыл, бой сергіту әдістері қолданылып, рөлдік ойындар, лездік сұрақтар мен шығармашылық тапсырмалар беріліп, сөзжұмбақтар жасырылды. Интербелсенді сабақтарға жас мамандар қатысып, тәжірибелі ұстаздардан өздеріне қажетті әрі қызықты сабақ жүргізу әдістерін көріп, тәжірибе жинақтады.