06 қараша 2019 13:18 admin

«Гуманитарлық-педагогикалық пәндер» апталығы

21.10-25.10.2019ж. аралығында колледжінің оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес студенттердің білім сапасын арттыруда, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда әрбір оқытушының кәсіби деңгейлерінің өсуі мен педагогикалық шеберліктерін жетілдіруде инновациялық тәжірибелерді меңгеру мақсатында «Гуманитарлық-педагогикалық пәндер» апталығы өтті. Апталық барысында өткізілген ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, тәжірибелік сабақтар, сабақтан тыс шаралар (сайыстар, жарыстар) және мәдени шаралар өткізілді. Апталықтың ашылуы аясында кітапхана меңгерушісі Г.Ж. Қуанбаеваның ұйымдастыруымен оқу залында «Әлем тізгіні-білімдінің қолында» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Көрме барысында студенттерге тақырыпқа байланысты кітапхана қорымен, кітап көрмесімен керекті ақпараттар беріп, бейне роликтерді тамашалады. Апталықтың екінші күні жоғары санатты, қазақ тілі пәнінің оқытушы Г.Е.Дүйсенова ДО-19 тобында «Жан мен тәнді қатар сауықтыратын-саяхат» атты ашық сабағын интербелсенді әдістерді пайдаланып жоғары деңгейде өткізді. Қоғамдық пәндердің оқытушысы Ж.М. Наурызбаева А-18 тобында «Дарындылар додасы» жарыс сабағын өткізді. Дода барысында қоғамдық пәндердің (мәдениеттану, саясаттану, философия, қоғамтану, қазақстан тарихы) бәрі қамтылып, студенттерге логикалық, топтық, қазақ киносы желісінен үзінділер ұсынылып, тапқырлықтарын шыңдап, танытты. Апталықтың үшінші күні оқытушылар А.Т.Артықбаева мен Ф.Ж.Ауезова НОО-19, ФК-19, П-19 топтары арасында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» зияткерлік сайыс сабағын өткізді. Студенттердің алған білімдерін жүйелеу, еркін шығармашылықпен айналысуына, пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар беріліп, талқыланды. Оқытушылар Г.Е.Дуйсенова мен Д.Б.Тастемирова «Мен-мамандық әлеміндемін» атты дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында әр мамандыққа түскен топ студенттері өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Мамандыққа қатысты қызықты ақпараттармен бөлісіп, бейне роликтер дайындалып, студенттерге ұсынылды. Апталықтың төртінші күні дене тәрбиесінің оқытушысы Г.Д. Айтжанова ФК-17-1,2 және ФК-19 топтары арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» көңілді старт жарысын өткізді. Студенттерді салауатты өмір сүре біле білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жылдамдық, ептілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жарыс болды. Жарыс барысында таяқшамен жүгіру, баскетбол добын кедергілер арқылы алып жүру, қапты киіп секіріп бару арқылы есеп шығару, секірмеген секіріп дротик ату, алға домалап алманы судан алу, арқан тарту сияқты турлардан тұрып, өте қызықты, тартысты өтті. Экономикалық пәндер оқытушылары Г.Б.Капева мен Н.О.Алимбетова «Жаңа технологиялардың экономикаға оң және теріс әсері» тақырыбында дөңгелек үстелін УиА-17 тобы арасында өткізді.  Студенттерге жаңа технологиялар туралы түсінікті қалыптастыра отырып, олардың ел экономикасына оң және теріс әсерлерімен бөлісті. Жаңа технологиялар бағдарламаларына шолу жасап, топ студенттері тақырыпты ортаға салып, талқылады. Апталықтың бесінші күні арнайы пәндердің оқытушысы Г.Б.Джакаева «Маңғыстау өлкесінің өткеніне, бүгініне және келешегіне саяхат» (Әбіш Кекілбаевтың «Ұйқыдағы арудың оянуы» повесінің желісі бойынша) атты 1-ші курс топтары арасында мәдени іс-шара өткізді.  Шараның жалпы студенттерге қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың балалық шағымен шығармаларымен таныстыру, Маңғыстау өлкесінің қазба байлықтары туралы білімін толықтыру мақсатында ұйымдастырылды.

Заң пәндерінің оқытушысы Д.Т.Ұзақбаеваның жетекшілігімен П-17-1 тобына «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша оқу тәжірибесінің бір бөлшегі ретінде, топ студенттерінің ұйымдастырумен «Некенің бұзылуы» процессінен, бітімгерлікке келуі сот отырысын көрсетіп, қазіргі қоғамның өзекті мәселерінің бірі екендігі айтылып,  студенттер арасында талқыланды. Процесс барысында аталған топтың өзі тыңғылықты дайындалып, барынша қозғалып жатырған істі шынайы көрсете алды. Апталық аясында арнайы пәндер оқытушысы Ж.Орынбасарқызы мен педагогикалық пәндер оқытушысы А.Қайратованың ұйымдастыруымен өткен «Мамандығым-мақтанышым» атты қабырға газеттері сайысында, белсенділік танытқан топтарға орындар тағайындалды. Мазмұны және эстетикалық безендірілуі ескеріліп, қабырға газеті сайысына қатысқан ДО-17 тобы 1-ші орын, УиА-17тобы 2-ші орын, П-18 тобы 3-ші орынды иеленді, қалған қатысқан топтарға (НОО-18, П-19, ДО-19, НОО-19, ФК-19) белсенділік танытқаны үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды.  

Апталық қорытындысы бойынша «Гуманитарлық-педагогикалық пәндер» цикльдік комиссия төрағасы Ф.Ж.Ауезова белсене қатысқан студенттер мен топтарға дипломдар мен алғыс хаттар табыстады.