10 қыркүйек 2019 11:18 admin

02.09.2019ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Адалдық сағаты» шарасы ұйымдастырылды.

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 2019 жылдың 2 қыркүйегінде колледж студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында  «Адалдық сағаты» шарасы  ұйымдастырылды. Өткізілген  шараға 85 студент  қамтылды. ОВД офицері Краубаев Базарбай Султанмуратович қатысып, Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Жалпы Республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» тақырыбында слайд көрсету арқылы әңгіме жүргізді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауынан, елбасымыз Қ.Тоқаевтың сайлаудағы бағдарламасынан қанатты сөздер айтылып, талқыланды.

 Сонымен қатар, студенттерге 4 негізгі құндылық адалдық, парасаттылық,   әділдік, сенім туралы түсіндіріп, Қасымқанның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысынан көптеген мәліметтер берілді.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің қызметі туралы түсінік берілді.

Сөз соңы, Шәкәрім Құдайбердиев пен Абай Құнанбаевтың даналық сөздерімен қорытындыланды.