10 қыркүйек 2019 11:16 admin

01.09.2019ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты І курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өткізілді.

         1 қыркүйек - Білім күніне орай «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты колледж табалдырығын алғаш аттаған І курс студенттеріне салтанатты жиын өткізілді. Ұйымдастырылған мерекелік шараға  ата-аналар, колледж әкімшілігі, топ жетекшілер қатысты. Салтанатты жиынды білім ошағының  директоры  Каламкалиева Асел Мухитқызы ашып, техникалық және кәсіптік білім беру  оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскері Утегенова Райгүл Сиыховна студенттерге сәттілік тіледі. Ата-аналар ақ тілегін арнап, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Патриоттық әндермен армандарын шыңдаған студенттер дәрісханаларда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымен мереке соңын жалғастырды.