09 шілде 2019 13:24 admin

«Сәт сапар, Жас маман!» салтанатты жиын

            5.07.2019ж. М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда колледж бітіруші түлектеріне арналған «Сәт сапар, Жас маман!» атты салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Жиынды жастар ісі комитетінің мүшелері Теміралиев Асылжан және Мубаракова Алина жүргізді. Салтанатты жиын колледж директоры Каламкалиева Асель Мухитовнаның алғы сөзімен басталды. Ең алғашқы болып сахна төріне үздік диплом иегерлері шақырылып, диплом табысталды. Сонымен қатар үздік диплом иегерлерінің және колледждің іс-шараларына қатысқан белсенді студенттердің ата-аналарына колледж директоры атынан Алғыс хат табысталды. Жиын барысында НОО-15-1, НОО-15-2, НОО-16с/о, ДО-15, ЭРМТ-15, СУДСТ-15, ФК-15, А-15, ЭК-15, П-16-1, П-16-2, П-16-3 топтарының студенттеріне де салтанатты түрде диплом табысталды. Болашақ жас мамандар,  атап айтсақ ЭК-15 тобының студенттері Хамитов Айбол, Ізтұрған Нұрбану, П-16-2 тобының студенті Кестен Жаңылсын ән тарту етсе, НОО-15-1 тобының студенттері хор және жас түлектер вальсі орындалды.

Отмена