01 шілде 2019 17:27 admin

Бітіруші түлектер арасында өткізілген «Үздік мамандық» байқауының қорытынды кеші өтті

27.06.2019 жылы  күні «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде директордың оқуөндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Қайратқызының ұйымдастыруымен  бітіруші топтар арасында «Үздік мамандық» байқауының жабылу салтанаты өтті.

Байқау онлайн форматта, яғни тапсырмаларды колледждің инстаграмм парақшасына college_bolashak жүктеу арқылы және колледжден тағайындалған әділқазы шешімдеріне сүйене отырып, жүлдегерлер анықталған болатын.

Байқаудың  мақсаты  келешек  жастардың  кәсіптік білім беру бағытында білімділік қабілеттерін сынға салу аясында өздерінің теориялық және тәжірибелік деңгейлерін көрсету. Бұл байқауға колледжіміздің «Сәулет», «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Құқықтану», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану», «Кеме жасау және кеме машиналарының механизмдеріне техникалық қызмет көрсету», «Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы» мамандықтарының бітіруші топтарының арасында өтті.

Байқаудың шарты бойынша «Үздік студент», «Үздік макет», «Үздік мамандық», «Үздік куратор» номинацияларының жүлдегерлері анықталды.  Осы байқаудың «Үздік мамандық» қорытындысы бойынша  «Бастауыш білім беру» мамандығының НОО-16 с/о тобы І орынмен, «Сәулет» мамандығының А-15 тобы ІІ орынмен, СУДСТ-15 және НОО-15-2 топтары  ІІІ орынмен марапатталса, «Үздік макет» қорытындысы бойынша «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы» мамандығының ЭРМТ-15, «Үздік студент»  қорытындысы бойынша А-15  тобының студенті Теміралиев Асылжан,  ал «Үздік куратор»  номинациясын  «Бастауыш білім беру» мамандығының НОО-15-2 тобының топ жетекшісі Шаңбас Гүлжанат Сақтағанқызы колледж дипломдарымен марапатталды.

Жылда жаңашыл идеялармен өткізіліп отырған бұлбайқау студенттердің кәсіптік білім беру жолында өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді деген ойдамыз.