28 маусым 2019 13:06 admin

«Тәжірибе-еңбек жолының басты қадамы»

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің 3 курс «Құқықтану» мамандықтарының студентттері 29.04-14.06.2019жж аралығында өндірістік тәжірибеден өткен болатын. Тәжірибе жетекшісі ретінде колледж тарапынан арнайы пәндер оқытушылары біздер, Ф.Ж.Ауезова мен Ж. Дыбысова тағайындалдық. Жалпы өндірістік практикадан студенттер оқудың соңғы курсында өтеді. Практиканың базалық органдары болып облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер және олардың құрамдық бөлімдері табылады. Сонымен қатар соттар, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, әділет, ішкі істер, кедендік органдар, адвокатура, нотариалдық конторлар, АХАТ органдары және құрамында әділет қызметі бөлімдері бар мекемелер жатады. Біздер, аталған мекемелердің ішінен, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне, Маңғыстау облысының полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық Ақтау қалалық №2 сотына, Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімдеріне өз студенттерімізді орналастырдық.   Студенттер өндірістік тәжірибе мекемелерінде белгіленген мерзімде болып, өздеріне бекітілген жетекшілермен таныса отырып, өндірістік тәжірибеден өтті. Барлық студенттер өндірістік тәжірибеден өтуде өз пәндері бойынша алған теориялық білімдерін көрсете отырып, күнделіктерін толтырып, аталған мекеменің құжаттарымен танысып, оны толтыру ережелерімен, алғыс хаттармен қайтты. Мемлекеттік органдардан өтіп келген студенттер өздерінің білімдерін одан әрі шыңдауға мүмкіндік алды.

Өндірістік тәжірибе аяқталған соң, студенттер тәжірибе бойынша есептерін колледждің оқу залында «Тәжірибе-еңбек жолының басты қадамы» атты  тақырыппен П-16-1,2,3 топтары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, сонда өз тәжірибе есептерін қорғады.

Еліміздің ертеңі болашақ жастардың қолында деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің студенттер өз мамандықтарына тәжірибелі бағытталғанына, инновациялы жаңашыл ойлайтынына, заң талаптарын қатты сақтайтына сеніміміз мол.