13 маусым 2019 15:47 admin

«Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан – Ресей жастарының ынтымақтастық форумы

            Қостанай қаласында өткен «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан – Ресей жастарының ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде еріктілердің қозғалысына айрықша көңіл бөлетінін айтып, Маңғыстаулық «Волонтерлер корпусының» еңбегін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Қазақстан – Ресей жастарының ынтымақтастық форумына П-17-1 тобының студенті Кульчегаев Өнер, ЭРМТ-16 тобының студенті Ержан Манарбек, ЭВТ-17 тобының студенті Абугалиев Асхат қатысты.

            Айта кетейік, «Волонтерлер корпусы» - 2017 жылдың 6 қазан күні Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен «Бекен» жас көшбасшылар достастығының әлеуметтік серіктестігі аясында құрылып, өз қызметін Маңғыстау облысы аймағында жүзеге асырып келеді. Жыл басынан бері волонтерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған 200-ге жуық отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, 80-нен аса мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты азаматтарға адресттік көмек көрсетті. Мемлекет басшысының қолдауы Маңғыстаулық волонтерлерге тың серпіліс сыйлайды деп білеміз!