12 маусым 2019 16:36 admin

"1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесі аталып өтілді

        Адам өміріндегі ең үлкен бақыт ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала өміріміздің ертеңгі  болашағы, ұлттың жалғасы. Ия, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні - халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. 2019 жылдың 1 маусымында Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде "1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне орай «Бар мейіріміміз – балаларға» атты мерекелік шара аталып өтті.  Мерекелік іс шараны «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының түлектері ДО-15 тобының студенттері мен  арнайы пән оқытушыларыОразова Айгул мен Орынбасарқызы Жанбала  «Диплом алды» тәжірибесінің қорғау конференциясы аясында колледж қызметкерлерінің бүлдіршіндері мен қамқоршылығымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арнап өткізді. Түлектеріміз әртүрлі персонаж рөлдерін сомдап, бүлдіршіндерге неше түрлі ойындар ойнатып, көңілдерін көтеріңді жайтқа жеткізді. Іс шара соңында барлық бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.Осы мерекелік іс шарадан түлектеріміздің алдағы уақытта мықты, нарыққа сай, алғыр, білікті маман болатынына көзімізде жетті. Осындай түлектерді дайындағанымызға мақтан тұтамыз.