06 маусым 2019 18:46 admin

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру!» тақырыбында кездесу

28.05.2019ж. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы  Абельдинов Қуандық Қаршығаұлымен кездесу өткізілді. Кездесуге колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер қатысты. Кездесу барысында Қуандық Қаршығаұлы заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтары, жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған Агенттіктің бастамасымен қолға алынған жобалармен колледж қызметкерлерін, студенттерді таныстырды. Сонымен қатар колледжімізде «Адалдық дүкені» ашылды. Адалдық дүкенінің мақсаты – студенттер мен жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа, және әдептілікке баулу болып табылады. Кез келген студент дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған студент қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққ тәрбиелей алады.