06 маусым 2019 18:44 admin

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» атты іс-шара

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай студенттердің рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету мақсатында ДТІЖО А.Ұ.Оспанова мен топ жетекшілер А.Қ.Қайратова, А.С.Сапарова  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» атты топ сағатын өткізді. Топ сағаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталды. Топ сағатына НОО-17с/о, А-18, ЭВТ-17 топтары қатысты. Топ сағаты барысында студенттер сұрақтарға жауап беріп, постер қорғап, кестелер құрастырды.