21 мамыр 2019 17:41 admin

«Салауатты өмір – денсаулық кепілі» апталығы

            13.05 – 17.05.2019ж. аралығында студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорт кешені жетекшісі Н.Т.Айтжановтың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – денсаулық кепілі!» атты апталық өткізілді. Апталық аясында оқытушылар арасында волейбол жарысы, студенттер арасында эстафета, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар өткізілді. Апталықтың жабылуында спорттық ойындарға қатысқан қатысушылар жүлделі орындармен, алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ ФК-17-1 тобы эстафетдан І орын, ФК-17-2 алғыс хат иеленді. Тоғызқұмалақ ойынынан НОО-18 тобының студенті Айтмуханова Камшат І орын, НОО-18 тобының студенті Жұбан Гаухар, ФК-17-2 тобының студенті Қиянов Жандияр, А-18 тобының студенті Нұрлыбаев Олжас алғыс хат иеленді.