17 мамыр 2019 11:16 admin

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!» көрініс байқауы

              Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.  Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. 9 мамыр Жеңіс күніне орай І курс топтары арасында «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!» көрініс байқауы өткізілді. Көрініс мазмұнының тақырыпқа сай болуы, қатысушылардың сөйлеу және сахна мәдениетіне талаптар қойылды. Байқауға ДО-18, А-18, ВТиПО-18-1,2, П-18, НОО-18, ЭВТ-18 топтары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік көрініс» номинациясымен А-18 тобы, «Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясымен ВТиПО-18-2, ДО-18 топтары, алғыс хатпен П-18, ВТиПО-18-1, ЭВТ-18, НОО-18 топтары марапатталды.