30 сәуір 2019 10:31 admin

«Ең үздік портфолио» байқауы

      11 сәуір күні колледжде облыстық жас мамандар арасында «Ең үздік портфолио» байқауы колледжішілік кезеңі болып өтті. Байқауға еңбек өтілі бес жылға дейінгі жеті  оқытушы қатысып, осы уақыт аралығындағы жетістіктерімен бөлісті. Олар жеке құжаттары, студенттерінің жетістіктері, өздерінің түрлі семинар, конференцияларға қатысуы, шығармашылық жұмыстары турасында электронды портфолиода кеңірек таныстырып өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік портфолио» байқауының 1-орын иегері информатика пәнінің оқытушысы Сапарова Алтынгүл Сәкенқызы атанып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Жүлделі 2-орынды шетел тілі пәні оқытушысы Едигаева Гүлзада Аманқызы, 3-орынды арнайы пәндер оқытушысы Орынбасарқызы Жанбала мен колледж психологы Қайратова Айсамал бөлісті. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

       Байқауға қатысқан барлық жас мамандарға колледж әкімшілігі атынан рахметімізді айта отырып, шығармашылық табыс және алар асуларыңыз көп болсын дейміз!!!