30 сәуір 2019 10:29 admin

Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!

ЖШС «Каспий  өңірі  «Болашақ» колледжінде» 13 наурыз күні «Үздік  жас маман-2019»  байқауы өтті.  «Үздік  жас маман-2019»  байқауының  мақсаты – жас мамандардың біліктілігін арттыру, жан-жақты  өз кәсібінің шебері екенін сынау арқылы іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға бар күш  жігерін жұмсауға  баулу болды.

Байқауға колледждің 7 жас маманы қатысты. Жас мамандар  4 кезеңнен тұратын байқауға белсене қатысып, жүлделі орындармен және арнайы номинациялармен марапатталды.

1-кезеңде жас мамандар өздерін таныстырып, жетістіктерімен бөлісті. 2-кезеңде  жас мамандар сабақ  барысында қолданып жүрген жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану барысында өткен сабақ барысынан көрсетті. 3-кезеңде жас мамандар оқу үрдісінде  орын алатын  жағдаяттарды шеше отырып, өз пікірлерін  білдірді. 4-кезеңде «Менің ұстаздық ұстанымым» тақырыбыынды эссе жазды. Шығармашылық еңбектерінде қиындығы мен қызығы қатар жүретін  маман иесі болғандарын мақтан тұтты.

Байқау қорытындысы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Орынбасарқызы Жанбала  І орынды, педагогика-психология пәнінің оқытушысы Қайратова Айсамал Қайратқызы ІІ орынды, арнайы пәндер оқытушысы  Мұстахиева Ақмаржан Досанқызы, «Ынталы маман» номинациясымен дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы Исмағұлов Бекмұрат Саматұлына және информатика пәнінің оқытушысы Жеменей Мұхаммедрасул Шапурұлына берілді.

Колледж директоры Каламкалиева Асель  Мухитовна  «Үздік  жас маман - 2019» байқауының жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтап, дипломдар және сыйлықтар  табыстады.