09 сәуір 2019 12:00 admin

Маңғыстау облыстық «Worldskills Aktau-2019» чемпионаты өтті.

1-5 cәуір күндері аралығында «Worldskills Aktau-2019» чемпионаты өтті. Үш күнге созылған чемпионат колледжіміз үшін жақсы марапаттармен аяқталды. ВТиПО-16 тобының студенті Жидко Максим «Веб-дизайн» құзіреттілігі бойынша III орынға, «Кірпішті қалау» құзіреттілігі бойынша СЭЗ-15 тобының студенті Рисбаев Нұрлан  III орынға, «Майлау және безендіру жұмыстары» құзіреттілігі бойынша А-16 тобының студенті Теңізбай Жаңғазы III орынға, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша СЭЗ-17 тобының студенті Сахиев Нұрадин II орынға, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ДО-15 тобының студенті Сауытова Айымгул  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Майлау және безендіру жұмыстары» құзіреттіліктері бойынша СЭЗ-15 тобының студенті Қадір Нұрболат  медальонға ие болды. 

Осы чемпионатқа қатысуға дайындаған жетекшілеріне Сапарова А., Тулешова Н., Сатқанбай Р., Жеменей М., Оразова А., Самаликова Д., Орынбасарқызы Ж. алғыс айта отырып, студенттерімізге биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!