15 наурыз 2019 10:02 admin

«Амал келді, жыл келді!» мерекелік шара

14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Біздің де оқу орнымызда амал мерекесіне орай дастархан жайылып «Bauyrsak party» ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында жастар ісі комитетінің мүшелері тілек айтып, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, ән айтты.