12 наурыз 2019 15:29 admin

«Алғысым шексіз!» мерекелік кеш

1.03.2019ж. Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз!» мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеште ақын студенттеріміз Бердигалиев Ерасыл, Жұмағалиев Еламан, Айтбергенов Сәкен, Жақып Несібелі, Кпипбергенова Қатира, Нысанбай Алтынай, Жанайдарова Алуа «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақырыбында өлең оқып, ТэМиО-17 тобының студенті Орынбасарұлы Берікбол қазақтың қара домбырасымен «Адай» күйін тартты. Алғыс айту күніне орай топтардың дайындаған бейнероликтері көрсетіліп, «Мәңгіліе\к ел, менің арманымның мекені» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Қазақстан – бақытымның ордасы» айдарымен студенттерді өлкетану музейіне физика пәні оқытушысы С.К.Бектилеуова апарып, таныстырды.  «Мейірімді Ақтау» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға ақшалай көмек көрсетілді.