12 наурыз 2019 10:35 admin

«Мамандықтар әлеміне саяхат!» атты ашық есік күні

         28.02.2019ж. колледжімізде «Мамандықтар әлеміне саяхат!» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында «Мамандықтар әлеміне саяхат!» атты мамандықтарды таныстыру мақсатында көрме жасақталып, мамандықтардың қыр-сыры түсіндірілді. Сонымен қатар «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында кітапхана меңгерушісі Г.Ж.Қуанбаева талапкерлерді оқу залымен таныстырды. Ашық есік күнінің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламаны жастар ісі комитетінің мүшелері жүргізді. Талапкерлермен ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Ашық есік күніне Ақтау қаласының №23 жалпы орта білім беру мектебі, №28 жалпы орта білім беру мектебі, №20 жалпы орта білім беру мектебі, Баянды селосының №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып бітіруші түлектері қатысты.