28 ақпан 2019 12:45 admin

Мұнайлы ауданына қарасты жалпы білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі және математика пәндерінен олимпиада өтті

27 ақпан күні «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде» 2019-2020 оқу жылына талапкерлерді қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Мұнайлы ауданына қарасты жалпы білім беру ұйымдарының  9 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі және математика пәндерінен олимпиада өтті. Олимпиада Ережеге сәйкес пәндер бойынша ІІ кезеңде ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәнінен І кезең-шығарма жазу, ІІ кезең- тест тапсырмасы және математика пәнінен І кезең-есептер шығару, ІІ кезең-логикалық тапсырмалар. Олимпиада нәтижесінде пән бойынша І-орынға ие болған қатысушы «Каспий өңірі «Болашақ»  колледжінде» оқу ақысының алғашқы жылына 50%-дық жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беретін сертификат, ІІ-орын алған қатысушы колледжде оқу ақысының алғашқы жылына 20%-дық жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беретін сертификат, ІІІ-орын алған қатысушы колледжде оқу ақысының алғашқы жылына 10%-дық жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беретін сертификат иеленеді.

Аталаған олимпиадаға қазақ тілі пәнінен 25 оқушы, математика пәнінен 13 оқушы қатысты.

Оқушылардың І-ІІ кезең бойынша жұмыс нәтижелерін саралай келе комиссия мүшелері жүлделі орындарды белгіледі. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша қазақ тілі пәнінен І-орынды №10 орта мектептің оқушысы Алуадин Ақжүніс, ІІ-орынды №1 орта мектептің оқушысы Үсен Іңкәр, ІІІ-орынды №9 орта мектептің оқушысы Баймбетова Гулзина, Ынталандыру марапатын №10 орта мектептің оқушысы Әбен Аружан иеленсе, математика пәні бойынша І-орынды №1 орта мектептің оқушысы Тухтабаева Жулдыз, ІІ-орынды №14 орта мектептің оқушысы Акчабаева Сара, ІІІ-орынды №10 орта мектептің оқушысы Алпысбаева Құралай және Ынталандыру марапатын №1 орта мектептің оқушысы Шамов Темірлан иеленді.

«Каспий өңірі «Болашақ»  колледжінің» ұжымы атынан барлық олимпиадаға қатысушы оқушыларға және олимпиадаға оқушылары белсенді қатысқан Мұнайлы ауданының №1, №3, №9, №10, №12, №13, №14 орта мектептерінің басшылары мен ұстаздарына алғыс айтамыз!