26 ақпан 2019 18:40 admin

«Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарының пәндері апталығы

        Ақпанның 18-22 аралығында колледжде «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары пәндерінің апталығы өтті. Апталықта аталған мамандықтарға қатысты кітап көрмесі, жоспарға сәйкес ашық сабақтар, «Білімді студент – білікті маман» атты тәжірибе алмасу сабағы, «Болашақтың болашақ тәрбиешілері» атты кіріктірілген шеберлік сабағы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайыс және футболдан, волейболдан жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Апталыққа пән оқытушылары және аталған мамандықтарының студенттері белсене қатысты.

      Ақпанның 22 күні апталық қорытындыланып, жабылу салтанаты өтті.

      Апталыққа белсенді қатысқан барлық студенттер мен оқытушыларға педагогикалық ұжым атынан зор алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз.