25 ақпан 2019 12:32 admin

«Есеп және аудит» және «Құқықтану» мамандықтары пәндерінің апталығы

        Ақпанның 11-15 аралығында колледжде «Есеп және аудит»  және «Құқықтану» мамандықтары пәндерінің апталығы өтті. Апталық «Құқықтық сана және қаржылық сауаттылық» атты кітап көрмесімен ашылып, жоспарға сәйкес экономика және құқықтану пәндерінен ашық сабақтар, «Азимбай Лекеров – қазақтың бірінші ойшыл экономисі мәңгі жадымызда қалады» атты пікір алмасу, «Педофилдерге өлім жазасын қолдану» атты дебат, «Жастар ұйымдарының қоғамдағы ролі» пікірсайысы өткізілді. Апталық аясында өткізілген іс-шараларға 1-2 курс студенттері, «Құқықтану» және «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері, пән оқытушылары белсене қатысты.

       15 ақпан күні апталық қорытындыланып, жабылу салтанаты өтті.

«Есеп және аудит» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша пән апталығына белсенді қатысқан барлық студенттер мен оқытушыларға педагогикалық ұжым атынан зор алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз.