21 ақпан 2019 13:16 admin

Worldskills колледжішілік байқауы өтті

WorldSkills байқауының мақсаты мен міндеті - жұмысшы мамандарын, оқыту үрдісіндегі технологияларды жақсарту, кәсіби жұмысшылардың беделін көтеру және насихаттау болып табылады.

Осы орайда, бұл сайысқа біздің колледж оқытушылары мен студенттері бейжай қарамайды. Бұған дәлел 14-ақпан күні «Сәулет» және «Ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтары  арасында WorldSkills байқауының чемпионатына колледжішілік іріктеу кезеңі өтті. Топ студенттері бірнеше құзыреттіліктер бойынша,оның ішінде,

  • Құрғақ құрылыс және сылақ құзіреттілігі бойынша:Сахиев Нұрадин – СЭЗ-17, Рисбаев Нұрлан – СЭЗ-15,Жұмағазы Айдар – СЭЗ-15, Нұрберді Олжас –СЭЗ-17;
  • Қаптау жұмысы құзіреттілігі бойынша:Әжімов Медет – СЭЗ-17, Тенгелов Полат, СЭЗ – 17, Сатыбалдиев Берік – А-16;
  • Майлау және безендіру құзіреттілігі бойынша:Теңізбай Жаңғазы – А-16, Қадір Нұрболат – СЭЗ-15,Серік Абдулла – СЭЗ-17;
  • Кірпіш қалау құзіреттілігі бойынша:Балғабай Мейіржан – СЭЗ-17,Жұмағазы Айдар– СЭЗ-17, Рисбаев Нұрлан – СЭЗ-15,Қасымбай Тілек – А-15 өз бақтарын сынады.

Іріктеу өте тартысты өтті. Студенттер өз жұмыстарын аса жоғары ынтамен орындап өз шеберліктерін ортаға салды. Сайыс соңында қатысушылардың жұмыстары бағаланып, қорытындыланды. Облыстық кезеңге жолдама келесі студенттердің қанжығасына бұйырды. ОларЖұмағазы Айдар  – СЭЗ-15,Сахиев Нұрадин– СЭЗ-17, Әжімов Медет–СЭЗ-17,  Рисбаев Нұрлан – СЭЗ-15,Теңізбай Жаңғазы– А-16, Асен Данияр – СЭЗ-15, Тенгелов Полат – СЭЗ-17, Қадір Нұрболат – СЭЗ-15

Біз студенттерімізді қолдай отырып, оларға шын көңілден сәттілік және алдағы облыстық жарысқа тек кана жеңіс тілейміз!