21 желтоқсан 2018 18:10 admin

«Тәуелсіздік адамзаттың бақыты!» атты патриоттық сабақ

13.12.2018ж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ұ.Оспанова мен кітапхана меңгерушісі Г.Ж.Қуанбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік адамзаттың бақыты!» атты патриоттық сабақ өткізілді. Сонымен қатар ВТиПО-18-2 тобының топ жетекшісі А.Н.Сисекенованың «Тәуелсіздік шапағаты» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларға І курс топтары қатысты. Іс – шаралар барысында кітап көрмесі жасақталып, студенттерге таныстырылды. Студенттер Тәуелсіздік күніне арнайы шығарған өлең шумақтарын оқып, хор айтылып, сахналық көрініс қойылды.