06 желтоқсан 2018 13:34 admin

«Жемқорлыққа жол жоқ!» театрланған көрініс

30.11.2018ж. Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жастар – жемқорлыққа қарсы!» атты театрланған көрініс байқауына Каспий өңірі «Болашақ» колледжі жастар ісі комитетінің мүшелері «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта көрініс қойды. Байқау қорытындысы бойынша Каспий өңірі «Болашақ» колледжі І орынмен марапатталды.

Көріністің негізгі мақсаты:

  • Жастар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау;
  • Студенттердің шығармашылық потенциалын дамытуға жағдай жасау