30 қараша 2018 15:34 admin

Техникалық пәндер апталығы

Қарашаның 19-23 аралығында колледжде техникалық пәндер апталығы өтті. Апталық «Мамандықтар сыр шертеді» атты кітап көрмесімен ашылып, жоспарға сәйкес техникалық пәндер және оқу тәжірибесі бойынша ашық сабақтар, «Мамандығым - болашағым» атты тәрбие сабағы, WEB бағдарламаларына арналған олимпиада, «Жол шарттары және қозғалыс қауіпсіздігі» атты топтық сайыс өткізілді. Апталық аясында өткен барлық іс-шараларға 1-2 курс студенттері, техникалық пәндер оқытушылары белсене қатысты.

23.11.2018 ж. апталық қорытындыланып, жабылу салтанаты өтті.