26 қараша 2018 12:20 admin

«Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы» атты меркелік кеш

17 қараша Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен «Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы» атты меркелік кеш өткізілді. Мерекелік кешті ФК-17-2 тобының студенті Сүйіндік Еркін мен П-17-1 тоюының студенті Жақып Несібелі жүргізді. Кештің алғашқы құттықтау сөзі колледж директоры Каламкалиева Асель Мухитовна мен оқу бөлімінің бастығы Бинеубаева Дариға Жалғаскалиевнаға берілді. Студенттерді мерекелерімен құттықтап, студенттік билеттерді І курс топтарының топ басшыларына табыстады. Сонымен қатар колледжіміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген жастар ісі комитетінің мүшелерін алғыс хатпен марапаттады. Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік кеш ән шашу, күй, ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын тапты.