13 қараша 2018 11:32 admin

Стартап шара «Жастар және кәсіпкерлік» бизнес жобасы

         12.11.18ж. Жас Кәсіпкерлердің өмір сапасының стандарттарын жақсартуға, алдыңғы білімдер мен технологияларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне енгізуге бағытталған әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын облыстық байқаудың колледжішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Колледжішілік шараға экономика пәні оқытушысы Г. Б. Капаеваның жетекшілігімен СЭЗ-15 тобының студенттері Ушкамбаева Дияна және Бегейбаева Айгүл, НОО-15-1 тобының студенті Абесбаева Камила, сонымен қатар экономика пәні оқытушысы Н. О. Алимбетованың жетекшілігімен УиА-17 тобының студенттері Қыдыров Абылай, Қайнарбаева Гүлнұр, Назарбаева Диана, Төремұратова Айнұр қатысып, өздерінің бизнес жобаларының макеттерін дайындап, тың идеяларын ұсынды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша УиА-17 тобының студенттері Қыдыров Абылай мен Қайнарбаева Гүлнұр І орын, НОО-15-1 тобының студенті Абесбаева Камила ІІ орын иеленді. СЭЗ-15 және УиА-17 тобының студенттері алғыс хатпен марапатталды.