14 қазан 2020 11:02 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  ВТиПо-20-2 тобында ZOOM  платформасында «Ерікті болуды өзіңізден бастаңыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

13.10.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  ВТиПо-20-2 тобында ZOOM  платформасында «Ерікті болуды өзіңізден бастаңыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Кураторы А.Б.Нурмуханова студенттерге Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызметі туралы» заңында көрсетілген  еріктілердің міндеттері, волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға, кәсіпорын компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін – өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қайырымдылық жасау еріктілердің қызметі екенін айтып өтті.

Еріктілер кодексі

  1. Ешкімге зиян тигізбеңіз!
  2. Ризашылық  күтпеңіз!
  3. Қарапайым болыңыз!
  4. Мәселені шешуге болатын адамдармен шешіңіз!
  5. Өзгенің мәселесін шешу үшін өзіңізден бастаңыз!
  6. Оқуға және жауабын  сұрауға қорықпаңыз!