10 қыркүйек 2020 11:05 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды

07.09.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  тілдер  мерекесіне орай  «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» тақырыбында  ZOOM платформасында  НОО-20-3 тобының кураторы  Сисекенова Айгүл Нұрлыбековна шығармашылық  сайыс ұйымдастырды.

1. І тур. «Өлең сөздің патшасы...» қатысушылар өздерінің тіл туралы өлеңдері мәнерлеп оқу

2. ІІ тур. «Мақал – мәтелдер жарысы» қатысушылардың  мақал-мәтелдерді айтып жарысуы

3. ІІІ тур. «Сен қалай түсінесің?» Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мағынасын ашу

Шығармашылық сайыс ZOOM  платформасында өткізілді.

Нәтижесінде,  студенттер  сайыс барысында  өздерінің  зерделілігін  көрсете біліп, достықпен аяқтады.  

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен (31.10.2017ж.№ 689 қаулы)5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Осы уақытқа дейін бұл мереке қыркүйек айының әр жексенбісіне келіп түсетін. Бұрын Ахмет Байтұрсыновтың  1973 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деп әдебиеттерде жазылып келген. Архивтерді ақтарған ғалымдар қазақ халқының рухани көсемінің өз қолымен жазылған үш құжатын тауып,  үшеуінде де ол “бесінші қыркүйек күні тудым” деп жазылғанын көргеннен кейін, 2018 жылдан бастап 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып аталып өтетіні туралы түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/CE3gVUiphg3/?utm_source=ig_web_copy_link — НОО-20-3 тобының  кураторы  Сисекенова А.Н.