23 маусым 2020 11:02 admin

17.06.2020ж. Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінің волонтерлері «Biz Birgemiz» республикалық акциясына белсене ат салысқаны үшін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды

Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінің  студенттері  Ержан Манарбек, Абугалиев Асхат, Кулчегаев Өнер  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  атынан алғыс хатпен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында  төтенше жағдай кезінде  мұқтаж азаматтарға  қолдау көрсету мақсатында «Біз біргеміз!» республикалық акциясына  белсене қатысқан Маңғыстаулық волонтер жастардың арасында  біздің  колледждің студенттерінің де үлес қосқанын мақтан тұтамыз. Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов  салтанатты жиында сөз сөйлеп, жастардың еңбегі туралы атап өтіп, алғыс хаттарын тапсырды. Қазіргі таңда  біздің бітіруші түлектеріміз П-17-1 тобының студенті Кулчегаев Өнер – ішкі саясат басқармасына қарасты Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қызметкері, ЭРМТ-16 тобының студенті Ержан Манарбек «Бекен» көшбасшылар достастығы қоғамдық қорының директоры, ЭВТ-17 тобының студенті  Абугалиев Асхат

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Жастар жылы аясында «ZhastarKZ» жобасының «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасының жеңімпазы, волонтерлер корпусының конгресс өкілеттік органының жетекшісі қызметін атқаруда. Колледжіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген студенттерімізге бес арыстың бірі ақын, педагог Мағжан Жұмабаев атамыздың  «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін» деген өлеңін арнап, егеменді елдің үміт артқан үкілерінің бірі болыңдар, қанаттарың талмасын дейміз.