23 маусым 2020 10:58 admin

04.06.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің әкімшілік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.

Әр халықтың тілі мен ділі ұлт ұрпағын тәрбиелеудің алтын діңгегі болса, мемлекеттік рәміздеріміз ел егемендігінің бұлтартпас белгілері болып саналады. Бүгінде өскелең жас ұрпақ бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыруда аптаның әр дүйсенбісінің І пары  Гимнін айтумен басталатын. Рәміздер бір жағынан жас, тәуелсіз мемлекетті бейнелейді, әрі тарихи дәстүр сабақтастығын көрсетеді. Гимнге өзек болған ақын Жұмекен Нәжімеденовтың мәтініндегі жан толқытар сөздері  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың серпін беретін жігерлі сөздерімен сабақтасып, қазақ әнінің құдіреті Шәмші Қалдаяқовтың әуенімен әр Қазақстандықтың  жүрегін тербеп, рухын биіктетіп, мерейлендіре түсетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Гимнін шырқағанда көз алдыңа өркендеген ел, мақсаты орындалып, армандары қыран құспен бірге көкке қанаттанған байтақ дала елестейді:

  • Қазақ елінің биік шаңырағы
  • Домбыраның күмбірлеген үні
  • Кең дала төсінде көсіле шапқан тұлпарлар
  • Ашық аспан төсінде тербелген көк ту

Өз еліміздің  мемлекеттік рәміздеріне құрметпен  қарау, қастерлеу, оны орнымен  пайдалану  – әрбір  азаматтың міндеті.
Сілтеме:

https://www.instagram.com/tv/CBABCszllAA/?utm_source=ig_web_copy_link -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін шырқауы.