23 маусым 2020 10:56 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  республикалық «Барлығы балалар үшін»  акциясы  және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» облыстық науқаны аясында іс-шаралар өткізілді.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   халықаралық балалар күніне орай  оқу орнының басшысы Каламкалиева Асель Мұхитқызының  қолдауымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.  Атамекен кентінде тұратын бір отбасының  екі бүлдіршініне ойыншықтар, тәттілер, сырқат балаға жөргектер, сүт өнімі тағамдары апарылды.  Сонымен қатар, құқықтану мамандығының  арнайы пәндер оқытушысы Джаубаева Мархабат Сахиевна студенттермен қашықтықтан оқыту форматында (Google Meet)  "Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу - отбасы мен отбасылық тәрбиені насихаттау" тақырыбында пікірталас ұйымдастырса, колледж психологы А.Қ.Қайратова «Бала өмірдің гүлі, күннің нұры» тақырыбында психологиялық кеңесімен бөлісті.  «Балалы үй-базар» айдарымен аналардың бір күнін тарих пәнінің оқытушысы Ф.Ж.Ауезова тәрбие сағатын ұйымдастыру арқылы   басқаларға сабақ боларлықтай игілікті істермен  көрсете  білді.

«Бала күлкісі – әлемнің көркі» тақырыбында  қашықтықтан үйлерінде отырып А-18 тобының студенттері Жомарт Ұлдана, Тауанова Айымгул, А-19 тобының студенті Кулбаева Дильназ сурет салып, өздерінің шығармашылықтарын шыңдады.

Осы мереке аясында Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінің ұлағатты ұстаздары да жастарға өнеге көрсетті.   Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, тәжірибелі ұстаз Артықбаева Атлас Тайлыбаевна. «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген...» тақырыбында отбасында немерелер мен жиендері арасында бақытты сәттердің бір күнін көрсетсе, білім беру ісінің үздігі, ұлағат ұстаз Сатқанбай Рахия Нәдірбаевна да әжелердің отбасының шуағы екенін дәлелдей білді.   «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында жасақталған кітап көрмесімен қашықтықтан бейне жазба арқылы  кітапхана меңгерушісі Г.Ж.Қуанбаева таныстырып өтсе,  ЭВТ-19 тобының  кураторы  Т.Ө.Игибаева «Что такое детство?», ВТиПО-18-2 тобының кураторы А.Н.Сисекенова «Балалық шаққа саяхат»  тақырыптарында тәрбие сағатын, орыс тілі және қазақ тілі пәнінің оқытушылары А.Б.Нурмуханова, Р.У.Джантасова, Г.Е.Дүйсенова «Менің балалық шағым» тақырыбында студенттер арасында эссе  жазуды ұйымдастырды.

Осы іс – шараларды төмендегідей сілтемелерден көре аласыздар:

Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CA5BAbwFb3l/?utm_source=ig_web_copy_link- Қайырымдылық – асыл қасиет

Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CBDQbg9FykU/?utm_source=ig_web_copy_link -"Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу - отбасы мен отбасылық тәрбиені насихаттау"

https://www.instagram.com/tv/CBNyzjZFLTe/?utm_source=ig_web_copy_link —«Бала өмірдің гүлі, күннің нұры» психологтың видеоролигі

Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CBLE8xzlH2D/?utm_source=ig_web_copy_link -««Балалы үй-базар» тақырыбында аналардың бір күні»

Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CBLE8xzlH2D/?utm_source=ig_web_copy_link - «Бала күлкісі – әлемнің көркі»

Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CBNd72aFGBe/?utm_source=ig_web_copy_link – тәрбие сағаты

https://www.instagram.com/tv/CA4NMeTFZB3/?utm_source=ig_web_copy_link  тәрбие сағаты
Сілтеме:

https://www.instagram.com/tv/CA-PFuEF_5e/?utm_source=ig_web_copy_link -«Мен әжемін ұрпағын әлдилеген...» 

https://www.instagram.com/tv/CBCret8FurM/?utm_source=ig_web_copy_link -«Мен әжемін ұрпағын әлдилеген...»

Сілтеме:

https://www.instagram.com/tv/CBPWkoDlrz4/?utm_source=ig_web_copy_link -"Бала құқығы - алтын қазына" кітап көрмесі

 Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CA65iXdFYV9/?utm_source=ig_web_copy_link  - Детство - время золотое.

https://www.instagram.com/tv/CA-PxhjiaCU/?utm_source=ig_web_copy_link -ВТиПО-18-1 тобы.