25 мамыр 2020 17:50 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі  Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шараларға белсене араласуда.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде шығыс пен батысты мойындатқан ғұлама  философ,  Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», өз заманының ең мықты энциклопедист-ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай студенттер арасында  еңбектері бойынша білім деңгейін арттыру бағытында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, білім алушылар  ұлы ойшылға арналған байқаулар мен ұйымдастырылған сайыстарға қатысуда. Атап айтсам, СЭЗ-19 тобының кураторы Г.А.Жарылғасова «Ұлы ойшыл – әл-Фараби» тақырыбында тобымен қашықтықтан оқыту форматында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Сілтеме: https://www.instagram.com/p/B-buDxKl0Lc/?igshid=8lyewzbwr3hb

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірбаянымен таныстыру, еңбектерін насихаттау, студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұлы ғұламаның  1150 жылдығына орай «Дала ойшылының даналық әлемі» тақырыбындағы квест конкурсына  шетел тілі пәні оқытушысы  А.Н.Сисекенованың жетекшілігімен НОО-17 тобының студенті Қуанышбаева Жайна қатысып,  ІІІ орынмен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстандық – Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» халықаралық балалар орталығы «Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жылдығы» Халықаралық олимпиадасына  қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Б.Джакаеваның жетекшілігімен ФК-19 тобының студенті Сақтағанов Нұржау ІІ орынмен  және А-19 тобының студенті Мамай Мейрамгул І орынмен марапатталды. Тест сұрақтары әл – Фарабидің ескерткіштері, оның атымен аталатын оқу орындары, 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған мұражайы, еңбектеріндегі  тұрғындары бақытты  керемет қала, зерттеген музыкалық аспаптары, өмірінен сыр шертетін 10 сериялы фильм, нақыл сөздері  туралы  ақпараттарды қамтыды. 

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады» - деген нақыл сөзі әр ұрпақты  тәрбиелі де саналы азамат болуға баулиды.