22 мамыр 2020 17:26 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттері «Мен - тәлімгермін» онлайн-акциясына өз үлестерін қосты

21.05.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжі  студенттері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту кезеңіндегі іс-шаралар жоспарының «Мен - тәлімгермін» онлайн-акциясы аясында бейнебаян дайындады. 

Қазақстанда 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланды. Қазіргі таңда колледжде жетпістен астам еріктілер бар. Олар еріктілікті  жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беру арқылы тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді деп түсінеді.  Сондықтан уақытты еріктілікке жұмсау – уақытты текке өткізу емес, тұлғалық дамуға құйылған ең қымбат инвестиция дейді.

Бүгінгі бейнебаянымыздың басты кейіпкерлері қоғамдық ортада белсене араласып жүрген  еріктілеріміз П-17-1 тобының студенті Өнер Кульчегаев, ЭРМТ-16 тобының студенті Ержан Манарбек, ЭВТ-17 тобының студенті Абугалиев Асхат.

Бұл студенттеріміздің ұраны - волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен-ақ қадам басады.

Бейнебаянды төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:

 

  1. https://www.instagram.com/tv/CAaIB9PlOlI/?utm_source=ig_web_copy_link  -«Мен - тәлімгермін»
  2. https://youtu.be/W562rKTPLmw