15 мамыр 2020 17:51 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде Жеңіс күніне орай қашықтықтан оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастырылды

06.05 - 12.05.2020ж. Колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында танымдық-тәрбиелік мәні бар іс-шаралар қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Атап айтсам, оқытушылар Г.Б.Капаева ұлы Отан соғысы ардагерлері әкесі Капаев Баймұханбет, Г.К.Керимова атасы Кабышев Есенғали және  ЭВТ-17 тобының  студенті  Қ.Жұмағалиев атасы Сисенұлы Тынымжанның құжаттары және марапаттарымен бөлісті.  Instagram-ға тәрбие сағаттары, құттықтаулар, слайдтар #Жеңіскүніқұттыболсын, #ЕрліккетағзымАқтау», #Мәңгілікполк75, #ҰлыЖеңіске75жыл, #Мерекеқұттыболсын,

«История моей семьи в истории моей страны», #помнимгордимсячтим хэштегі арқылы салынды.

Сонымен қатар, оқу орнында   І-ІV курс кураторлары және студенттері арасында «Ұрпақтар ұмытпайтын – ұлы Жеңіс!» тақырыбында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған  колледжішілік  үздік слайд  байқауы өткізілді.  Бұл байқау өскелең ұрпақты Отанының тарихына құрметпен қарау арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлы Отан соғысы құрбандарын ұмытпауға баулу, ер жүрек батырларымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға қатысқан топтар ұлы Отан соғысы батырларының ерліктерін насихаттау бағытында кураторларымен бірлесіп слайд жасақтады. Студенттерді  қазіргі қоғамның тарихи мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеуде және рухани құндылықтар қалыптастыруда тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың бірі болды.  А-19,  НОО-17с/о,СУДСТ-16,УиА-17, ДО-18  топтары  кураторларымен бірге алғыс хаттармен марапатталды.  

«OZAT. KZ» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы ұйымдастырған «Отан қорғау парызың» тақырыбы аясында үздік слайд байқауына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы  Г.Б.Джакаеваның жетекшілігімен  НОО-19 тобына студенті  Чаудырбаева Жұлдыз  «Батырлардың өшпес ерлігі» тақырыбында слайд дайындап, ерекше мазмұндылығымен үздік деп танылып, ІІ орынмен марапатталды.

Ұлы Жеңіс күніне өткізілген  іс-шараларды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://www.instagram.com/tv/B_1qcGvFok1/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_2MrYqlTBf/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_2NFl8lIEq/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_2NMVoll4k/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_8HM75FGjr/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_8MAselLU1/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_9evOElKrv/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_9jVTlFjtI/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_9jaLiFklI/?utm_source=ig_web_copy_link