14 мамыр 2020 10:21 admin

Республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы»

04.05.2020ж.күні Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, Каспий өңірі «Болашақ» колледжі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференциясын ұйымдастырды.

Конференция мақсаты – Абай мұрасына замануи көзқарасты, оның әлемдік мәдениеттегі орнын, шығармашылығын, Ұлы ақын мұрасын насихаттау, білім беруде өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру.

Конференцияға жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, ғалымдар, магистранттар қатысты.

Конференция 3 секция бойынша сырттай нысанда жүргізілді:

  1. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеялары
  2. Абай Құнанбаевтың рухани мұраларының қазіргі заман жастарының тәрбиесіне әсері
  3. Абай әлеміне саяхат (Абай шығармаларын талдау)

Конференция қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі үздік зерттеу жұмыстары мен жобалар дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда,

1 секция бойынша дипломмен «А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі педагогикалық ойлар» тақырыбында  зерттеу жұмысымен «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің оқытушысы Өтеген Зоя Базарбаевна, 2 секция бойынша дипломмен «Абай мұрасы –ұрпаққа ұлағат» тақырыбында  зерттеу жұмысымен КМҚК Семей қаласы «Көлік» колледжінің филология ғылымдарының магистранты Құрманғазыева Меруерт Құрманғазықызы, 3 секция бойынша дипломмен «Абай әлеміне саяхат»тақырыбында  зерттеу жұмысымен Жаңаөзен политехникалық колледжі оқытушысы Ермуханова Раушан Кенжебаевна марапатталды.

Қатысушылар сертификатқа ие болды.