12 мамыр 2020 11:24 admin

Оқу өндірістік саяхат сабақ –«Болашақ» тәжірибесінен

Оқу сабақтарының типтері (толық, жаңаны үйрену, білім, білікті қалыптастыру, бағалау) мен түрлері (дәріс, практика, зертхана, зертханалық-практикалық, семинар, бақылау) кең тараған. Сонымен бірге бірден бірнеше сабақ типін қамтитын түрлер де бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны – оқу-өндірістік саяхат.

Бұл сабақ өз ішіне жаңа білімді оқу (кіріспе саяхат), жан-жақты толықтыру (қорытынды, толық саяхат) және кейбір өндірістік сабақтар барлық білім, білік, дағдыларды қалыптастыра алады. Сонымен саяхат – бұл білім алушының таңдаған мамандығын жан-жақты түсініп, танып, заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап көруге арналған өндірістік сабақ түрі.

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде директордың оқу-өндірістік жұмыстары орынбасары Ғ.Қайратқызы басшылығымен әрекет етуші мамандыққа сәйкес мекемелер арасында келісім-шарт жасалып, осындай оқу-өндірістік саяхат сабақтарын жүргізу жолға қойылған.

Барлық мамандықтар бойынша, атап айтсақ:

Модульдік оқыту жүйесі бойынша: 1204000 – «Су көлікті пайдалану» мамандығы топтары ЭВТ-17, ЭВТ-18; 1304000 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы топтары: ВТиПО-17, ВТиПО-18-1,2; 1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша  СЭЗ-17 топтары  ЖШС «Х-СОМ», ЖШС «Бикада», ЖШС «Сaspi-Service», АҚ «ҰК «Ақтау теңіз сауда порты», «Құрық Порты» мекемесі, ЖШС «БатысМұнайТранс», АҚ «К7 Group» мекемелерінде және құрылыс алаңдарындасаяхат сабақтарын нәтижелі өткізіп жүр.

      

Оқу саяхатының негізгі мақсаты – студенттерді құбылыстарды, заттарды, үрдістер мен олардың байланысы, кәсіби танымдық қызығушылық, болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіндегі бейімделу үрдісін қысқарту және де өз жетістігіне сенімділігін арттыру. Сонымен оқу саяхатының маман дайындаудағы орнын бағалау қиын.

Саяхатты өткізу және ұйымдастыру әдістемесі үш этаптан тұрады:

Бірінші – дайындық, екінші саяхат өзі және үшінші қорытынды. Енді олардың әр қайсысына толық  тоқталайық.

Дайындық этапы  келесі элементтерден тұрады: саяхаттың мақсаты мен міндетін қою; лайықты түрткіні құрастыру; өткізілетін саяхатты жоспарлау; мазмұнын іріктеу; саяхат кезінде орындалатын жұмыстарды, жеке және топпен бірге орындалатын жаттығуларды дайындау; көрнекті құралдармен қамтамасыз ету (көрсету құралдары). Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Мұның бәрін оқытушы сабақты бастар алдында студенттерге түсіндіреді.

Нақты саяхат. Саяхатты бастамас бұрын студенттерге сабақтың мақсаты, міндеті, жоспары, орындалатын жұмыстар және өз-өзін ұстау туралы тағы бір  рет қайталау керек. Саяхат барысында  оқушыларға болатын үрдістер және жаттығулар туралы түсіндіріліп отыруы керек. Саяхат барысында келесідей әдістер қолданылады: оқыту, түсіндіру, диалог және презентация. Саяхаттың алдында білім алушыларға объектілермен танысуға біраз уақыт  берген жөн. Саяхат біткеннен кейін  де біраз уақыт беру керек (жазып алуы, сурет салып алуы үшін).

Қорытынды этап. Саяхат біткеннен  кейін студенттер өз бетімен немесе оқытушының жетекшілігімен жинаған  материалдарын өңдеп, презентация жасап, қорытынды сабаққа дайындалады (баяндамалар, суреттер, ұсыныстар, түсіндіру, көргенін талдау т.б.).

Саяхат сабақты ұйымдастыру, дайындық этап тарын элементтерін, нақты саяхат жоспарын дұрыс ұйымдастырудың арқысында «Болашақ» колледжі оң нәтижеге жеткізудің куәсі болып отыр. Білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибе бойынша білім сапасы 100 пайызды көрсетіп отыр.

 

ЖШС «Каспий өңірі «болашақ» колледжі» арнайы пән оқытушысы Сатқанбай Р.Н.