27 наурыз 2020 19:00 admin

Қашықтықтан оқыту

2020 жылдың 16 наурызынан  бастап  Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы» Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес оқу процесі EDUS білім беру платформасында қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады (https://college.edu.kz/).   Каспий өңірі  «Болашақ» колледжінде  қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы ереже сәйкес оқыту қарастырылған.

Қазіргі таңда колледжде қашықтықтан білім алуға күндізгі бөлімде 713 студент және сырттай бөлімде 69 студент  қамтылған.

Әр оқушының жеке кабинетінде  журнал, сабақ кестесі, сабақ тақырыптары, пайдаланылған оқу материалдары, үй тапсырмасы және пайдаланылған әдебиеттер тізімі салынған. EDUS білім беру платформасы оқытушыларға  студенттердің сабаққа қатысуын  бақылауға, студенттерге жеке сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. Барлық оқу сабақтары  колледж басшысының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде өткізіледі.