19 наурыз 2020 15:33 admin

Дуалды оқытудың артықшылықтары

«Құқықтану» мамандығы бойынша оқу орнымызда үш топ дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алады. Оның ішінде өндірістік және оқу тәжірибесін  2 және 3 курстың П-17-1, П-18 топтарында жүргіздім. Жетекшілік ету барысында П-17-2 дәстүрлі тобымен салыстырмалы түрде артылықшылықтарын байқадым. Айта кететін болсақ;

  1. Дуалды оқыту жүйесіндегі студенттердің  сана –сезімі қоғамдық ортада өздерін ұстап білуі;
  2. Студенттердің қарым-қатынасы ерекше;
  3. Дуалды топта өздерінің мамандығына деген сүйіспеншіліктері жоғары;
  4. Нақты өздерінің мамандық бойынша мақсаттарының болуы;
  5. Қабылданған жаңа заң жүйелерінен хабардар болуы;
  6. Құқық қорғау органдарының нақты функцияларын жетік меңгеруі;
  7. Нормативтик құжаттарды толтыру барысындағы біліктілігі жоғары.

Осы артылықшылықтарын көрсете отырып, студенттермен қарым –қатынас жасау маман ретінде оңтайлы екенін айтқым келеді. Оқу практикасын жүргізу барысында көптеген құқық қорғау саласы бойынша кездесулерде арнайы мамандарға қоятын сұрақтарының нақты және мәнді болуы да кездесуді одан әрі әрлейді. Студенттер өздерінің мамандықтарына деген сүйіспеншілігінің артуын өндірістік тәжірибемен байланыстырады. Себебі кез-келген құқық қорғау органдарынан тәжірибеден өту кезінде сол ортаға кірген сәттен бастап өздерін психологиялық тұрғыдан дайын маман сезіне білуі. Ал, бұл артылықшылықтар қызығушылықтар дәстүрлі топтарда кездесе бермейді. Олар өздерін ойша маман ретінде елестетсе, кейбір студенттер өздерін сол мамандық бойынша болашақта көре алмайтындықтарын айтады. П-17-1 тобымен оқу тәжірибесін жүргізу барысында Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу бойынша барлық сот актілерінің 90% жұмыс жасадық. Оның ішінде айта кететін болсақ, соттың қаулылары, ұйғарым түрлері, шешім және оның түрлері, үкім жасап үйренді. Және студенттер сот отырысының хаттамасын еркін нақты жаза алады.Сонымен қатар прокурордың нұсқауын, ұсынысын және қаулыларын жазып үйренді. Және де сот процесіне қатысушы тұлғаларды олардың жауапкершіліктерін білуі. Бұл дегеніміз алдағы уақытта өздерін  жас маман ретінде танытуға үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндіктер қазірден студенттерге ашылып, оларды ақылы қосымша жұмыстарға да шақырулар түскен. Мысалы: П-17-1 тобының студенті Мұратбаев Нұрдаулет Маңғыстау облысы Тергеу сотына шақырту алды. Бұл дегеніміз біздің студенттеріміз  өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай өздерін оң қырынан таныта білгендігін айтады.

Студенттердің заңгерлік білімдерін шыңдау мақсатында дуалды оқыту жүйесімен «Азаматтық іс жүргізу» бойынша сот процесін өткіздік. Сот процесі барысында  топ студенттері өздерінің белсенділігін танытып, сот актілерін шығарды.«Азаматтық іс жүгізу» құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан - сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептелетіндігін көрсетті. Сонымен қатар, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаларын, соттың құрамын және іске қатысушы өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін  сот отырысы барысында айтылды.

2 курс бойынша «Құқықтану» мамандығында дуалды оқытумен П-18 тобы оқиды. Бұл курс бойынша салыстырмалы дәстүрлі топ жоқ, дегенмен топтың мамандыққа белсенділігі жоғары топтардан кем түспейді. Оны өзімнің тәжірибемде алдағы уақытта көрсетемін. 2 курс студенттері де бірнеше кездесулер өткізді. Оның ішінде тегін құқықтық көмек көрсету орталығында, Ақтау қалалық сотында және Маңғыстау облысы бойынша медиаторлық  орталықпен тәжірибе алмасып білімдерін шыңдай түсті.

Болашақ маман ретін де дуальды оқыту жүйесінде оқитын студенттердің болашағы жарқын екендігін айтқым келеді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің

 «Құқықтану» мамандығының арнайы пән оқытушысы

Узакбаева Дина Тулепбергеновна