17 наурыз 2020 12:43 admin

Дуалдық оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі.

Дуалдық кəсіби оқыту формасы экономикалық білім нарығындағы талаптарды қалыптастырудағы жетекші ғылыми көзқарастарды қарастырады. Білім алушыларды əлеуметтік жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемелерімен біріге отырып, нарықтағы қажеттілікке ие мамандарды дайындаудан туындады. Қазіргі жаңа өндірістік үдерісінде жаңа заман талабына сай білімі ұшқыр, алғыр тиімді шешімдерді индустриялық-инновациялық мақсаттарында қағидалы түрде, теориялық білімі шыңдалып дайындалған, жоғарғы кəсіби білімі бар түлектер қажет. Дуалдық оқытудың негізгі қажеттілігі, біріншіден, бітіруші түлектерді еңбекпен қамту негізінен əлеуметтік деңгейде жоғарғы көрсеткішке ие екенін, яғни бұл жұмысқа алушының барлық талаптарына сай мамадардың қажеттігін қанағаттандырады. Дуалдық оқыту түрі өндіріс орнының сұранысына қарай мамандар даярлауға негізделеді, сонымен қоса, дуалдық оқыту жүйесінің қатысушылары тəжірибесінде көрсетілгендей, тұлғаның ең кіші компаниядан бастап жұмыс орнын иеленуге талпындырады. Екіншіден, болашақ жас маманның психологиялық сана-сезімін жауапкершілікке тəрбиелей отырып, алған білімдерін, іскерліктерін жоғары деңгейде қалыптастыруға негізделген. 

Дуалды оқыту жүйесінің дəстүрлі оқытумен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктері:

  • дуалдық оқыту жүйесімен мамандарды дайындау, негізгі дəстүрлі формада оқыту тəсілдерінің кемшіліктерін жəне теориялық білімді практикалық ұштастыруға бағытталады;
  • дуалдық оқыту жүйесінде дайындау тұлғаның болашақ жұмысының жаңаша психологиялық бейімделуіне негізделген;
  • дуалдық оқыту жүйесінде жұмысшылар білімді меңгеру, жұмысқа деген дағдыны қалыптастыру, жоғарғы деңгейге жеткізу, яғни, олардың білімінің жұмыс орнындағы қызмет талаптарын орындалуымен тікелей байланысты;
  • мамандарды даярлауда өңдіріс орны басқарушыларының өнеркəсіпке қажетті мамандардың сұранысымен байланыса жұмыс жасау керек;
  • болашақ мамандарды оқыту барысында өңдіріс орны ұсынған талаптарын ескере отырып, оқу орнымен тығыз байланыста болу керек;

Дуалдық оқыту жүйесі – қос бағытты білім беру жүйесі яғни оқу орны мен жұмыс берушініңәлеуметтік серіктестігі болып табылады. Білім мен еңбек нарығы тығыз байланысты бірі біліммен дағдыны игертсе, екіншісі осы білімге ие адами ресурстардың нарығы, жастарды оқытумақсаттарын білім берумен ғана шектелмей, білім алушыларды қажетті арнайы және кәсіби құзіреттермен қаруландырады. Оқытудың мұндай түрі – жұмыс берушілерге кәсіпорын үшін қажетті маман иесін дайындап алуға, ал студенттерге – теориялық білім ғана емес, практикалық білімді де меңгеруге арналған тамаша мүмкіндік. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының кәсіптік білім беру ордасының бірі «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен сезіну мақсатында дуалдық жүйені қолдану тәжірибесі қолға алынып отыр.Колледжде түлектерді екі бағытта яғни дуалдық жүйемен оқыту мақсатында кәсіпорындаржәне мекемелермен келісім шартқа отырып, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, болашақ мамандардың жұмыс берушімен байланыста білім алушылардың кәсібибіліктілігі мен іскерлігін жұмыс орнында меңгеруіне тікелей ықпал етуде өз мүмкіндіктерінтуғызуға аса көңіл бөлуде. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу ордасында өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулу мақсатында «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі төмендегідей Ақтау қаласының білім бөлімінің мектепке дейінгі мекемелерімен дуалдық оқыту жүйесін іске асыру мақсатында тығыз байланыста:
№32 «Ақшағала», №19 «Толағай», №56 «Жұлдыз», «Айкөркем» жекеменшік балабақшалары. Мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша аталған мекемелермен байланыс студенттердің жұмыс орнындағыөзін – өзі ұстау этикасынан бастап кәсіби деңгейдегі дағдыларға бейімделуіне себепкер болыпотыр. Бұл жүйеде тек қана дағдыларды игеріп қана қоймай студенттерді психологиялық тұрғыда тәрбиелейді. Әрбір маманға қажетті дағдыларды дәріс беру барысында игерген студент алдағы уақытта бетке ұстар маманның болатынына толық сенім артуға болады. Атап айтсақ, былтырғы бітірген түлектердің бір қатары осы жоғарыда аталып өткен балабақшаларға жұмысқа орналасып, қызмет етуде.  Колледж шеңберінде екі бағытты жүйені қолдану білім беру саласындағы үздік бағдарлама болуы ықтимал, себебі
оқытудың дуалдық жүйесін енгізу бүгінгі өмір талабынан туындайды. Қазақстан Республикасының әрбір білім ордасында осындай дуалдық жүйенің нәтижесінде кәсіптік білім берудің сапасы артып, білім деңгейі сатылап көтерілері сөзсіз. Өйткені қос бағытты білім беру өз саласындағы жұмыс жүйесін жақсы меңгерген кәсіби мамандар қалыптастырады. Кәсіби этиканы, эстетиканы игерген жас маман кәсіби сатыда да өзін мықты ұстап, жоғарғы белестерден көрінетініне толық сенім білдіруге болады деп ойлаймын. Осы фактілерге негізделе отырып білім беру саласында дуалдық жүйені қолдану кәсіби маман даярлауда алға қарай үлкен қозғалыстың белгісі деп білеміз.

Дуалды оқыту формасын енгізу – кәсіптік-техникалық білім берудегі негізгі мәселелердің бірі –теория мен практиканың алшақтығын шешуге көмектеседі. Қорыта айтқанда, кадр мәселесін шешуде, маман тапшылығын жоюда дуалды жүйенің пайдасы зор. Бұлжүйежұмыссыздықтыазайтып, халықтыңәлеуметтіктұрақтылығынқамтамасызетеді.

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің

арнайы пән оқытушысы Оразова Айгуль Баймуратовна