12 наурыз 2020 11:15 admin

03.03-06.03.2020ж. «Нәзік жандар мейрамы!» атты кеш.

03.03-06.03.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   көрікті көктеммен қатар келген 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні  мерекесіне орай  мәдени шаралар апта бойы ұйымдастырылды. СЭЗ-19, ЭВТ-19 топтарының ұйымдастыруымен «Нәзік жандар мейрамы!» атты кеш жоғары деңгейде өтті. Кештің ерекшелігі – өңкей жігіттер  оқытушыларға, аналарға, аруларға  домбырамен, гитарамен ән салып, флешмоб ұйымдастырып, мәнерлеп жыр жолдарын да арнады. Кештің ұйымдастырушылары осы топтың кураторлары Т.Ө.Игібаева және Г.А.Жарылқасынова болды. НОО-17 с/о және ДО-19 тобында «Сыйынар ем ана деген тәңірге...» атты ашық тәрбие сағатында студенттер ұстаз апайларымен «Балалық шаққа саяхат!» атты ойын ойнатып, өз жүрегінен шыққан жыр туындыларын оқыды. ФК-17-1 және П-17-1 тобындағы «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!» атты тәрбие сағатында шырқалған әндер ару қыздар туралы болса, оқылған жырлар аналарға арналды. НОО-18 және П-18 топтарында «Ана – гүл, ана - өмір» атты ашық тәрбие,  П – 17-2 және П – 17-3 топтарында  «Аяулы аналар» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бітіруші топтардың жігіттері көңілді ойын қойса, қыз балалары әсем би биледі. Барлық кештер, тәрбие сағаттары өте әсерлі өтті. Кураторлар Ф.Ауезова, Д.Тастемирова, Ж.Друсбаева студенттермен қызықты да тәлімі мол іс-шараларды ұйымдастыра білді.