12 наурыз 2020 10:59 admin

05.03.2020ж. «BOLASHAQ ARÝY- 2020»

05.03.2020ж. Каспий өңірі Болашақ» колледжінде  «BOLASHAQ ARÝY- 2020» байқауы өткізілді. Бұл байқау  қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты қасиеттерін таныта білу,  студенттердің  танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шебірлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау төмендегідей тапсырмалардан тұрды:

«Мен қазақтың қызымын» таныстыру

«Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету

«Сұлулық сыры» шаш сәндеу, макияж жасау т.б.

Үй тапсырмасы «Қыз – еркем, өнерімен көркем»  шеберлігін көрсету

Нәтижесінде:

Бас жүлде - НОО-18 тобының аруы – Берікқызы Оксана

І орын - ДО-17 тобының студенті – Укибаева Жазира

ІІ орын - ДО-19 тобының аруы – Ералиева Гулназ

ІІІ орын - НОО-19 тобының аруы – Жұмабаева Айдана

«Сымбатты ару» номинациясы - А-19 тобының аруы – Мұхамеджан Назгуль

«Өнерлі ару» номинациясы - ФК-19 тобының аруы – Нурадынова Эльнура

«Инабатты ару» номинациясы - П-19 тобының студенті – Карлыбай Самира

«Көрермендер көзайымы» номинациясы - ВТиПО-19 тобының аруы – Сәлім Дильназ

«Талантты ару» номинациясы - П-17-2  тобының аруы – Жанбаева Жансая