05 наурыз 2020 12:10 admin

«Үздік жас маман-2020» байқауы

28.02.2020ж. колледжде «Үздік жас маман-2020» байқауы өтті. Байқау барысында жас мамандар әртүрлі кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындады. Байқау 4 кезеңмен бойынша ұйымдастырылды.Байқаудың бірінші кезеңі бойынша жас мамандар өздерінің есімхаттары мен резюмелерін әділ-қазылар алқасына ұсынды. Бағалау критериясына байланысты есімхаттардың көрнекілігіне және ақпараттың толық әрі нақты болуларына байланысты бағаланды. Екінші кезеңде жас мамандар өздерінің пәндеріне «Абай – ұлы тұлға» тақырыбын кіріктіріп, панорамалық сабақ көрсетті. Үшінші кезеңде қатысушылар Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің мәнін презентация арқылы ашып, көрсетті. Ал төртінші кезең бойынша жас мамандар өздерінің өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші дәрежелі дипломмен арнайы пәні оқытушысы Орынбасарқызы Ж., 2-ші дәрежелі дипломмен техникалық пәндер оқытушысы Берікбаев Х., 3-ші дәрежелі дипломмен психолог Қайратова А.Қ. марапатталып, қалған жас мамандар белсенді қатысқаны үшін алғысхаттарға ие болды.