02 қараша 2016 00:18 admin

Колледждің жастар ісі комитеті

ЖІК БАСШЫСЫ

Калданова Асель Еркиновна

Жастар ісі жөніндегі комитет– оқу орнының  студенттік өзін - өзі басқарумен айналысатын қоғамдық студенттік ұйымы.Студенттік өзін-өзі басқару – колледждің әлеуметтік белсенді студенттік жастарының қоғамдық әрекет ету түрі .

 

 

МӘДЕНИ БҰҚАРАЛЫҚ СЕКТОР

Акбергенов Максат Қайратович

ФК– 19 тобының студенті

Мәдени - бұқаралық сектор - колледжде бос уақытта іс - шаралар ұйымдастырумен айналысады, сонымен қатар облыстық, қалалық  шығармашылық конкурстарға қатысады, көрмелер мен музейлерге экскурсия ұйымдастыру, театр мен киноға бару, қала шеңберінде әртүрлі бұқаралық іс - шараларға (КТК, конкурстар) қатысу жұмысын өткізеді.

 

ТӘРТІПТІ БАҚЫЛАУШЫ СЕКТОРЫ

Файзулла Путин Мухамұлы

П – 19 тобының студенті

Тәртіптік сектор - оқу тәртібін, колледж ережесін бұзған студенттермен (сабақтарды дәлелсіз себеппен жүйелі түрде босату және кеш қалып келу), ішкі тәртіп ережелерін, студенттер Кодексін мәселелерін қарастыруға қатысады.

 

АҚПАРАТТЫҚ СЕКТОР

Кулбаева Дильназ

А-19  тобының студенті

Ақпараттық сектор- колледжде, бөлімшелерде, студенттік топтарда өткізілетін барлық бағдарламаларды, іс-шаралар мен мерекелерді, ақпараттық стенд, студенттік газет, колледж сайтын қолдану арқылы баяндау мен мәлімдеу, мерзімді баспадағы қызықты және пайдалы ақпараттарды колледж студенттеріне жеткізумен айналысады.

СТАРОСТАТ

Мұхаметжан Назгүл Наурызқызы

А - 19 тобының студенті

Старостат- студенттердің оқу қызметін жүзеге асыру саласындағы жоғары студенттік өзін-өзі басқару органы. Старостат колледждің барлық курстарының топ старостасын біріктіреді және олардың қызмет ету саласында бірыңғай саясатты әзірлейді. Старостат шешімі колледждің барлық студенттерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.